World News

Астанада әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткен

Әлеуметтік желіде астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт маңында тұрған әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Бұқар жырау тұрғын үй кешенінде болған.
Фото: t.me/Astanovka89
Денсаулық сақтау басқармасындағылар ақпаратты растады.

"27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туылған әйелді жеткізді. Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шегушінің миы шайқалғаны анықталды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Астана полиция департаменті пікір білдіруге уәде етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net