World News

Павлодар облысында қоғамдық көлікке ауқымды реформа жүргізілді

Ескі автобус паркі, қозғалыс аралығының ұзақтығы, жүргізушілердің жетіспеушілігі: 2021 жылы қала тұрғындары аялдамаларда ұзақ күту және желіде автобустар санының аздығына наразылықтарын білдірген болатын.
Павлодар сол уақытқа дейін қоғамдық көліктерінің 75 пайызы шағын класты автобустар болған жалғыз облыс орталығы болып келді. Қоғамдық көліктерді жаңарту айтарлықтай қаржылық ресурстарды қажет етті.
Облыс әкімдігі қоғамдық көлік реформасын кешенді түрде жүргізді: төлем жасау жүйесін талдау, электронды төлемді енгізу, жүйенің бірыңғай операторын таңдау. Субсидиялауды енгізу жағдайды өзгертуде шешуші рөл атқарды.

Павлодарда тегін жол жүру құқығын азаматтардың 14 санаты пайдаланады, оның ішінде мүгедек жандар, "чернобыль" мен "ауған" ардагерлері, жетімдер, көп балалы аналар. Бұл республикадағы қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруге арналған ең ауқымды бағдарламалардың бірі.
Осы санаттарды, оның ішінде оқушылар мен зейнеткерлерді тасымалдауға кететін тасымалдаушылардың шығындары бюджет есебінен өтеледі.


"Бизнес шығынға батып жұмыс істей алмайды, табыссыз ол дамымайды. Сондықтан біз тарифті көтермеу үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялауды енгіздік. Қолданыстағы 80 теңгелік тариф пен 250 теңгелік нарықтық тариф арасындағы айырмашылық бюджет қаражаты есебінен субсидияланады", - деп түсіндірді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Әкімдік өз кезегінде автопарк иелеріне қарсы талаптар қойды, яғни, қойылған талаптар орындалмаған жағдайда субсидиялар төленбейді. Олар: электрондық билеттеуді енгізу, автобустар паркін жаңарту, жүргізушілерді кадрлық іріктеу.

Аталмыш жұмыстардан кейін қол жеткізілген нәтижелерді Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының тұрғындары оң бағалағанын Асайын Байханов бүгінгі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Қалалардың жайлылығының негізгі факторларының бірі қоғамдық көлік жүйесінің дамуы болып табылады. Соңғы екі жылда 218 автобус жаңартылды. Бүгінгі таңда облыстың үш қаласындағы қоғамдық көліктердің 75 пайызы қазіргі заманауи үлкен класты автобустар. Жыл соңына дейін жаңа автобустар саны 250-ге жеткізіледі", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңірде қоғамдық көлікті диспетчерлеу, яғни, нақты уақыт режимінде қозғалыс аралығының сақталуын, автобустардың желіде болуын, кестеден артта қалуды, кестені автоматты түрде есептеуді қадағалауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйе енгізіліп жатыр.
Пилоттық режимде №1 автопарк бағыттарында "Magnetic" бағдарламасы іске қосылды. Аталмыш бағдарлама жүргізушінің шаршауын анықтауға, сондай-ақ, оның ұялы телефонмен сөйлесулерін тіркеуге қабілетті.
Мұның барлығы қоғамдық көлік жұмысының тұрақсыздығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Соңғы айларда жаңа автобустар 30 жыл болған Volvo мен МАЗ маркалы автобустарды толығымен алмастырып, күту уақытын барынша қысқартты.
Павлодарлықтар енді "Достық" пен "екінші Павлодар" шағын аудандарына жаңа трамвай бағыттарының ашылуын күтіледі.


"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс орталығының трамвай жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 70 трамвайды жаңарту жоспарлануда. Осыдан екі апта бұрын біз Еуропалық қайта құру және даму банкімен 25 жаңа вагон сатып алу туралы Бас келісімге қол қойдық. Олардың бірінші легі келесі жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізіледі деп күтіліп отыр", - деді өңір басшысы брифингте.

Облыс орталығында маршруттық желіні ұлғайту мақсатында 2025 жылдың жазында жаңа "Достық" шағын ауданына трамвай желісін салу жұмыстары басталады.
Қоғамдық көлікке жасалған стратегиялық жоспар өзін ақтап, облыс әкімдігі көлік логистикасын жаңғыртуды жалғастырды.
Әуетасымалдарды дамыту үшін қыркүйек айында Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту басталды. Демеушілік қаражат есебінен Павлодар теміржол вокзалы жаңартылды. Дәл осылай Екібастұз вокзалын жаңғырту жұмыстары келесі жылдың наурыз айында аяқталады.

Читайте на 123ru.net