World News

Теміртауда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Теміртауда екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол-көлік оқиғасы Момышұлы даңғылында болды. Jac және Chevrolet маркалы автокөліктері соқтығысқан. Соққы салдарынан көліктердің бірі жолдың қақ ортасында аударылып қалды. Апат салдары түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Жол апаты салдарынан үш адам — Chevrolet көлігінің екі жолаушысы және Jac көлігінің бір жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды.

"Дерек полицияда тіркелді. Мән-жайлар анықталып жатыр", — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға және жолдарда, әсіресе қаланың адам көп жиналатын учаскелерінде барынша мұқият болуға шақырды.
Бұған дейін Теміртауда жолаушылар автобусы бағанаға соғылған болатын. Салонда 20-ға жуық жолаушы болған. Төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы фактісі тіркелді. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте на сайте