World News

Аңыз футболшы Өзбекстан құрамасының Әлем чемпионатындағы мүмкіндіктерін бағалады

Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы, қазіргі Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро командасының футболдан әлем чемпионатын жеңе алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі championat.asia порталына сілтеме жасап.
2006 жылғы әлем чемпионы әрі "Алтын доп" иегері Өзбекстан командасы нәтиже туралы емес, турнирден ләззат алу туралы ойлауы керектігін мойындады.

"Негізгі жұмыс турнирге дейін жасалады. Ал әлем чемпионаты басталғанда, одан ләззат алу керек, өйткені біздің жеңіске жете алмайтынымызды білемін. Сондықтан біз өз футболымызды ойнауымыз қажет. Алаңға шығып, өз отбасымызбен көшеде футбол ойнап жүргендей әсерде болуға тырысуымыз керек. Сонда ғана жақсы нәтиже көрсете аламыз", - деп келтіреді БАҚ маманның сөзін.

Еске сала кетейік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл ретте Каннаваро команда тізгінін бұл мақсат орындалғаннан кейін ғана ұстады.
Бапкер ретінде атақты италиялық Өзбекстан құрамасына дейін тек клубтармен жұмыс істеген. Оның үздік жетістігі - 2019 жылы "Гуанчжоумен" бірге Қытай чемпионатындағы жеңісі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Fabio Cannavaro (@fabiocannavaroofficial) жарияланымы


Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатында
Еске сала кетейік, өзбекстандықтар Колумбия, Португалия және Конгомен бір топта ойнайды. Турнир олар үшін бейсенбіде (18 маусым) Колумбиямен өтетін матчтан басталады.
Турнир қарсаңында команда екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де - Канададан (2:0) және Нидерландыдан (2:1) ұтылып қалды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFA (@uzbekistanfa) жарияланымы


Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновке қолдау білдірді.

Читайте на сайте