World News in Kazakh

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі екі күнге жабылады

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлады.

"Осыған байланысты ағымдағы жылдың 31 тамыз - 1 қыркүйек аралығвнда А. Бөкейхан/Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылатын болады. Сонымен қатар, 31 тамыз - 4 қыркүйек аралығында А. Бөкейханов көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады", - делінген хабарламада.

Басқарма Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net