Лукашенко Беларусьте наразылық қайталанса, интернетті өшіретінін ескертті
Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко 2020 жылғы президент сайлауынан кейінгі жаппай наразылық тәрізді тағы қарсылық шаралары қайталанса, ел аумағында интернетті толық өшіретінін мәлімдеді.
"Егер қайталанса, мүлде өшіреміз. Ашығын айтайын, іс жүзінде осылай болып келген, әсіресе бастапқы кезеңде менің рұқсатымммен [интернет өшіріліп отырған]" деді Лукашенко студенттермен кездесу кезінде. Олардың бірі 2020 жылы интернет қалай өшті деп сұраған.
Оның сөзінше, интернет арқылы наразылар "бір-біріне жол көрсетіп, нені сындыру, құлату керектігін" айтып отырған.
"Интернет арқылы осы бәле тараған. Сонда ертеңгі күні мемлекет болмаса, сіздер біреуге хабарлама жібермесін деп қарап, тілеп отырамын ба?!...Елді сақтап қалу үшін біз екі сағат немесе бір сағатқа интернетті өшіреміз, ана жақтағы арнайы қызмет біздің қоғамды басқармас үшін. Міне, осы нәрсе үшін бұл керек болды" деді Лукашенко.
Ол сонымен бірге студенттермен "сайлауалды кездесу өткізу үшін емес", президент ретінде кездесіп отырғанын айтты. Беларусьте 2025 жылы 26 қаңтарда президент сайлауы өтеді.
2020 жылы Беларусьте президент сайлауының қорытындысы Лукашенко режиміне қарсы жаппай наразылық тудырған. 9 тамыз сайлау күнінен бастап елде интернет дұрыс істемей қалған. Осыдан кейін жексенбі сайын өткен митингілер кезінде интернет өшіріліп жатты.
Беларусьте билікке қарсы наразылықтан кейін мыңдаған адам қудалауға ұшырады. Саяси қудалау әлі күнге дейін жалғасып жатыр. "Весна" құқық қорғау орталығының 2024 жылдың 22 қараша күнгі мәліметінше, Беларусьте 1268 адам "саяси тұтқын" танылған.