World News in Kazakh

Ата-аналардың өтінішімен бұзық баланы басқа сыныпқа ауыстыруға бола ма?

Оқушыны басқа ата-аналардың өтінішімен сыныптан шығарып жіберуге бола ма? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Кейбір сыныптарда тентек оқушы болады. Ол басқа балаларға бірінші болып тиісуі, олардың сабақ оқуына кедергі келтіруі, үнемі басқа оқушыларды жылатып қоюы мүмкін. Мұндай кезде ата-аналар жаппай өтініш жазып, баланы сыныптан шығарып жібергісі келеді. Мектеп ережесі бойынша басқа ата-аналардың оқушыны сыныптан немесе мектептен шығарып жіберуіне құқығы бар ма? Бұл сұраққа Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мира Әбдінұрқызы жауап берді.

"Оқушының үстінен өтініш жазып, оны сыныптан немесе мектептен шығарып жіберуге болады деген заң жоқ. Оқушы өз ата-анасының немесе қамқоршысының өтінішімен ғана сыныптан сыныпқа немесе басқа мектепке ауыса алады. Оқушының ата-анасының келісімінсіз оны басқа сыныпқа немесе мектепке ауыстыруға ешкімнің құқығы жоқ", - дейді Мира Әбдінұрқызы.

Материалдың толық нұсқасын Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар!
Нажмите сюда, чтобы получать самые важные новости в вашем WhatsApp

Читайте на 123ru.net