ӨМІР ЖОЛЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК ТАРИХЫ
Қазақ интеллигенциясының Альма-матері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бой көтергеніне 90 жыл толды. Тарихқа толы 90 жыл ішінде бағындырған белес пен алған асуымыз аз емес. Ал түлек боп ұшқан әр шәкірті бүгінде мықты маман әрі білікті басшы. Мұның барлығы – терең білім мен таусылмас тәжірибенің нәтижесі. Әр студентті «жеке тұлға» ретінде қалыптастыру үшін қажетті пәндердің маңызы жоғары. Соның бірі – «Басқару психологиясы» сабағы.
«Басқару психологиясы» пәнінде біз ұйымдық басқару, басқарудағы мәселелер мен оларды шешу жолдарын кеңінен қарастырамыз. Жеке адамның тұлға болып қалыптасуындағы маңызды факторлар, әсер ететін оқиғалар мен құбылыстарды зерттейміз. Адамзат баласының қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптасуын, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және...