World News in Kazakh

Даниал Ахметов жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі қызметінен кетті

Даниал Ахметов мерзімінен бұрын жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі қызметінен кетті. Бұл жөнінде туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Ведомствоның хабарлауынша, 11 желтоқсанда федерацияның отырысында Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, өзінің орнына Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынған. Жиынға қатысушылар ұсынысты қолдаған.


Ахметов федерацияға 2018 жылдан бері жетекшілік етіп келеді.


70 жастағы Даниал Ахметов 2014-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысын басқарған. Оған дейін түрлі лауазымды қызмет атқарған.


2012-2014 жылдары Еуразия экономикалық комиссиясының энергетика және инфрақұрылым министрі, 2007-2009 жылдары қорғаныс министрі, 2003-2007 жылдары премьер-министр болған. 2017 жылы зейнетке шыққан. Бірақ сол кездегі президент Назарбаев Ахметовтің құзыретін 2022 жылға дейін ұзартқан. 2022 жылы желтоқсанда Тоқаев оны ШҚО әкімі қызметінде қалдырған еді.


Даниал Ахметовтің есімі кейінгі кезде ықтимал жемқорлыққа қатысты журналистік зерттеулерде, жергілікті билікті сынап, істі болған блогерлердің ісінде аталған. Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ең ықпалды адамдардың Дубайдағы жылжымайтын мүліктері туралы Азаттық зерттеуінде де Даниал Ахметовтің аты аталады.

Читайте на 123ru.net