World News in Kazakh

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын екені белгілі болды

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болат (Полат) және оның отбасына қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қадағалау органы мәліметінше, Шерзат Болатты өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу аяқталуға жақын, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген, барлық күдікті ұсталған.

"Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтіліп отыр, содан кейін іс процеске қатысушыларға танысу үшін беріледі. Сонымен қатар, Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеп жіберу және Нұрғанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары бойынша қылмыстық істерді тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми хабарламаларына сенуді сұраймыз", - делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған.
Нұрқанаттың жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Кейін ол 15 тәулікке қамалды. Ал кеше Шерзаттың әкесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net