World News in Kazakh

Қазақстан тағы бір елмен сотталғандарды беру туралы келісім жасасты

Қазақстан мен Марокко ынтымақтастықты нығайтып жатыр: қылмыстық-құқықтық саладағыкелісімдерге қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Марокко Корольдігіне жұмыс сапарымен барды. Марокконың Әділет министрі Абдель Латиф Уахбимен келіссөздер барысында қылмыстылықпен күрес, заңдылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

"Кездесудің нәтижесі қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы мемлекетаралық келісімдер жасау болды. Қазақстандық қадағалау органы басшысының айтуынша, Марокко Корольдігімен мұндай келісімдерді жасау Қазақстан үшін өте маңызды, себебі географиялық орналасуына байланысты бұл ел Гибралтар бұғазы арқылы Африканы Еуропамен байланыстыратын бағыт болып табылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 12 жыл бұрын біздің ел Мароккоға жақын орналасқан Еуропалық мемлекет – Испания Корольдігімен осындай халықаралық шарттарға қол қойғанын еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net