World News in Kazakh

Лисаковскіде караокедегі адам өлімімен аяқталған төбелес: сот үкімі шықты

Караокеде төбелес шығып, соңы адам өлімімен аяқталған іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мекеменің кіреберісенде орналасқан бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар желіде жарияланды. Онда ер адамдардың бірі күрес қимылын пайдаланып, екінші адамды айландыра жерге құлатқаны көрінеді, кейін оны ұра жөнеледі. Салдарынан жәбірленуші ауыр дене жарақатын алып, кейінірек жансақтау бөлімінде қаза болды. Ер адам істеген ісіне өкінетінін айтты.

"Сот айыпталушыны, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, істің барлық жағдайларын ескере отырып, орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігінің санкциясы балама нұсқасыз және 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Мемлекеттік айыптаушы кінәлі адамға ең аз мерзімді тағайындауды сұрады, сот осы ұсыныспен келісті.
Еске салсақ, 12 қазанда Лисаковскіде караоке қонақтары арасында төбелес болып, оқиға 41 жастағы ер адамның өлімімен аяқталды. Мекеме фойесінде орнатылған бейнебақылау камераларының кадрлары желіде жарияланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net