World News in Kazakh

Біртіндеп жылиды: 24 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазақстан аумағында алдағы күндері ауа температурасы күндіз біртіндеп көтеріледі. 24 мамырда түнде еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Ал республиканың өзге өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Орталық аймақтарда үсік жүру қаупі бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана — көшпелі бұлт шығады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз аздаған жаңбыр күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 9–14 метр, түнде екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10–12, күндіз 24–26 градус жылы болады.

Алматы — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 7–9, күндіз 20–22 градус жылы болады. Іле Алатауы тауларында, яғни Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында жауын-шашын күтілмейді. Түнде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, күндіз 8–13 градус жылы болады.

Шымкент — көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12–14, күндіз 24–26 градус жылы болады.

Ақмола облысы — түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7–12, күндіз 22–27 градус жылы, облыстың шығысында 19 градус жылы болады.

Көкшетау — көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде 10–12, күндіз 23–25 градус жылы болады.

Алматы облысы — түнде облыстың оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде облыстың тау бөктері мен таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 7–12 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 2 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы болады. Күндіз 19–24, таулы аудандарда 9–14 градус жылы.

Жетісу облысы — жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 6–11 градус жылы, облыс орталығында 3 градус жылы, таулы аудандарда 1 градус үсік жүреді. Күндіз 20–25, таулы аудандарда 16 градус жылы болады.

Талдықорған — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1–3, күндіз 22–24 градус жылы.

Түркістан облысы — облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 12–17, таулы аудандарда 9 градус, күндіз 24–29, таулы аудандарда 20 градус жылы болады.

Түркістан — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14–16, күндіз 27–29 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы — жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11–16, күндіз 27–32 градус жылы болады.

Орал — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11–13, күндіз 28–30 градус жылы.

Атырау облысы — жауын-шашын болмайды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 13–18, облыстың оңтүстігінде 10 градус, күндіз 28–33 градус жылы болады.

Атырау — ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16–18, күндіз 30–32 градус жылы.

Маңғыстау облысы — жауын-шашын болмайды. Түнде облыстың батысында тұман түседі. Жел шығыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15–20, облыстың солтүстік-шығысында 12 градус, күндіз 28–33, облыстың батысында 25 градус жылы болады.

Ақтау — ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде кей уақытта тұман түседі. Жел шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15–17, күндіз 25–27 градус жылы.

Ақтөбе облысы — жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде 7–12, облыстың оңтүстік-шығысында 15 градус, күндіз 27–32 градус жылы болады.

Ақтөбе — күн ашық. Жел солтүстік-батыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 10–12, күндіз 27–29 градус жылы.

Қостанай облысы — облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 10–15, облыстың шығысында 7 градус, күндіз 26–31, шығысында 23 градус жылы болады.

Қостанай — көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11–13, күндіз 28–30 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысы — түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында, күндіз батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5–10, облыстың оңтүстік-батысында 13 градус, күндіз 18–23, оңтүстік-батысында 26 градус жылы болады.

Петропавл — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде 8–10, күндіз 21–23 градус жылы.

Павлодар облысы — облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстікке ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 8–13, күндіз 15–20 градус жылы болады.

Павлодар — көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстікке ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9–11, күндіз 16–18 градус жылы.

Қарағанды облысы — таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5–10, облыстың батысында 14 градус, күндіз 22–27, шығысында 18 градус жылы болады.

Қарағанды — көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан түнде секундына 3–8 метр, күндіз 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 7–9, күндіз 22–24 градус жылы.

Ұлытау облысы — күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 8–13, күндіз 25–30 градус жылы болады.

Жезқазған — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 1–6 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 9–11, күндіз 26–28 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысы — түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады, жаңбыр мен қар жауады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3–8 градус жылы, облыстың шығысында 1 градус үсік жүреді. Күндіз 15–20, облыстың солтүстігі мен шығысында 10 градус жылы болады.

Өскемен — көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5–10 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 15–17 градус жылы.

Абай облысы — облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5–10, күндіз 18–23 градус жылы болады.

Семей — көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7–12 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 8–10, күндіз 18–20 градус жылы.

Қызылорда облысы — жауын-шашын болмайды. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10–15, күндіз 28–33 градус жылы болады.

Қызылорда — күн ашық. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12–14, күндіз 29–31 градус жылы.

Жамбыл облысы — облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады, таулы аудандарда 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 8–13, таулы аудандарда 5 градус, күндіз 23–28, таулы аудандарда 20 градус жылы болады.

Тараз — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 8–10, күндіз 23–25 градус жылы.

Читайте на сайте