Екібастұзда 6 жасар бала ашық құдыққа түсіп кетті: оқиға видеоға түсіп қалған
Екібастұздың орталық бөлігінде 6 жасар бала ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кетті. Бала екі тәулік жансақтау бөлімінде жатқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 20 мамыр күні күндіз "Өнер" қалалық мәдениет орталығының маңында болған. Жағдайдың сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Кадрлардан екі баланың субұрқақ жанында ойнап жүргенін көруге болады. Бір сәтте олардың бірі кенеттен ашық құдыққа түсіп кетеді. Қасындағы бала қорыққанынан жүгіріп кетіп, кейін қайта оралады. Бейнекамераға баланың құдықтан өз бетімен шыққан сәті де түскен. Артынша құдықтан екі адам шыққан.
Екібастұз әкімдігі видеодағы орын шынымен де "Өнер" қалалық мәдениет орталығының алаңы екенін растады. Алайда тергеу жүріп жатқандықтан, оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Айнураның (@toktasova_ainura) жарияланымы
Туыстары не дейді
Зардап шеккен баланың әжесінің айтуынша, тереңдігі екі метрден асатын құдық балалар күн сайын ойнайтын қоғамдық орында орналасқан.
"Сол күні құдықтың ішінде жұмысшылар болған. Қақпағы ашық тұрды, бірақ ешқандай қоршау да, ескерту белгісі де қойылмаған", — деді баланың әжесі Tengrinews.kz тілшісіне.
Құдыққа құлаған бала басынан жарақат алған.
"Немерем шок күйінде құдықтан сатымен өзі шыққан. Басы қатты жарылып, киімі қан болды. Екі тәулік жансақтау бөлімінде жатты. Кеше ғана жалпы палатаға ауыстырылды", — деді ол.
Туыстары бұл жағдайға жауапты қызметтер түсініктеме беріп, кінәлілер жазалануы керек деп санайды.
Тергеу жүріп жатыр
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Павлодар облыстық полиция департаменті деректеріне сүйенсек, магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", — делінген полиция департаментінің ақпаратында.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Бірі баланың ата-анасы қараусыз қалдырды десе, енді бірі қоғамдық орында қауіпсіздік шараларын сақтамаған коммуналдық қызметтерді сынға алды.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай биыл наурызда Ақтөбеде болған еді. Ол кезде 7 жастағы бала үйінің жанындағы ашық құдыққа түсіп кеткен. Көмек сұрап айқайлаған баланың дауысын өтіп бара жатқан студент естіп, құтқарып алған. Бала жер астында шамамен жарты сағат болған. Осы оқиғадан кейін тұрғындар биліктен қаладағы басқа да люктерді тексеруді талап еткен.