World News in Kazakh

Алматыда зообақ аумағында өрт шықты

Алматы хайуанаттар бағының аумағында өрт шыққаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, түнде бутиктердің бірінде өрт шыққан.

"Алматы қаласы Медеу ауданы Есенберлин көшесінде фотосалон бутигі өртеніп, жалын серуендеуге арналған экскурсиялық электромобильдерге көшкен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері 25 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ екені хабарланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, коммерциялық бутик жалға алушыларға тиесілі.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда өртсөндірушілерге оқиға орнына бару үшін көліктерді соғуға рұқсат етілмейді

Читайте на сайте