World News in Kazakh

“Енді төбелеспеймін“: Жалғас Жұмағұлов шулы жекпе-жектен кейін мансабы туралы айтты

Қазақстандық ММА файтері, OKTAGON лигасының чемпионы Жалғас Жұмағұлов Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында промоушеннің екінші титулы үшін Игор Севериноға қарсы өткен жекпе-жектің зардаптары туралы айтып берді.
Еске сала кетейік, Братиславада (Словакия) өткен Oktagon 89 турнирінде аса жеңіл салмақ чемпионы, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен Бразилиядан келген жеңіл салмақ белбеуінің иегері Игор Северино арасында жекпе-жек өткен болатын. Кездесу бразилиялық чемпионның қазақстандыққа қарсы шаптан тыйым салынған соққы жасауына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды..
Жекпе-жек тоқтатылып, кейінірек өткізілмеген деп танылды.
Бірінші раундта ол сондай-ақ көзден саусақпен түрту арқылы тыйым салынған әрекетке барған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

OKTAGON (@oktagonmma) жарияланымы


Tengri Sport тілшісі Жалғас Жұмағұловтың қазіргі жағдайын білу үшін спортшының өзімен хабарласты.
Файтер өзін жайсыз сезініп жүргенін және көру қабілетінің әлі қалпына келмегенін айтты.

"Өзімді өте нашар сезініп тұрмын. Қазір оң көзім екі болып көрінеді. Нашар көремін, оң құлағым ауырып тұр. Құлағымнан қан ағып жатыр. Шабым да ауырады. Негізгі жарақаттарым осындай. Басым жақсы, миым шайқалған жоқ. Ол жай ғана көзімді түртіп жіберді, содан бәрі екеу болып көріне бастады. Сондықтан кейін шегініп, сүріне бердім. Оны таба алмай қалдым", - деді Жалғас Жұмағұлов Tengri Sport-қа берген сұхбатында.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«FNG»|«OKTAGON» 2 белбеуінің иегері (@zhumagulov_zhalgas) жарияланымы


Ол осы оқиғалардан кейін қарсыласы Жалғастан кешірім сұрамағанын және байланысқа шығуға тырыспағанын айтты. Жұмағұлов сегізбұрышта мұндай әрекетке барған Севериноны жігері құм, рухы әлсіз файтер деп есептейді.

"Ол - адекватты файтер емес. Рухы әлсіз адам. Тіпті кешірім сұрап, қол да алысқан жоқ. Шынын айтсам, ол - ауру. Мұндай іске тек іштей әлсіз адамдар барады", - деп атап өтті спортшы.

Сонымен қатар Жұмағұлов Oktagon-ның қос чемпионы болу мақсатынан бас тартқанын, кем дегенде ол жақта белбеу иегері ауысқанша бұл титулға ұмтылмайтынын жеткізді.

"Екінші белбеуге келетін болсақ - мен бұдан былай екінші белбеу үшін төбелеспеймін. Бұл маған қызық емес, әсіресе онымен. Ол сияқты файтермен енді жекпе-жекке шықпаймын. Онымен келіскеніме өте өкінемін. Менеджерім оның "лас" файтер екенін айтқан болатын. Бірақ бұндай дәрежеге дейін барады деп ойламаппын. Сондықтан оның басқа қарсыластарына ескертуім: онымен жұдырықтаспаған дұрыс. Бұл өте қауіпті, рухы әлсіз адам", - деп бөлісті чемпион.

Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas
Қазіргі уақытта ол толық тексеруден өтіп, оңалу процесін бастау үшін Ыстамбұлдағы (Түркия) клиникаға аттанған.

"Қазір әуежайдамын, Ыстамбұлға ұшып бара жатырмын, ондағы клиникамен келісіп қойдым. Мекеме өкілдері күтіп алады, бірден тексерілуге барамын. Емделіп, қалпыма келемін. Мұнда, Братиславада медицина - нағыз Совет одағы. УДЗ (УЗИ) жасату үшін клиникада үш сағаттай отырдым. Сондықтан көзім мен құлағымды мұнда тексертпеуді жөн көрдім. Тек шабымды тексерді, ол жерде гематома бар екен, антибиотик жазып берді", - деді Жұмағұлов.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«FNG»|«OKTAGON» 2 белбеуінің иегері (@zhumagulov_zhalgas) жарияланымы


Жалғас Жұмағұлов - еуропалық лиганың қазақстандық тұңғыш чемпионы
Қазақстандық бұрынғы UFC файтері бұған дейін Oktagon лигасында үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен болатын. Жалғастың титулын алғаш рет қорғаған соңғы айқасы мерзімінен бұрын аяқталды, себебі чехиялық Давид Дворак үш раундтан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады.
OKTAGON лигасы - әлемдегі үздік 10 лиганың қатарына кіретін Еуропадағы ең ірі MMA промоушені. Ол 2016 жылы Oktagon Challenge реалити-шоуының бөлігі ретінде негізі қаланған. Лига турнирлерінің басым бөлігі Чехия мен Словакияда өтеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«FNG»|«OKTAGON» 2 белбеуінің иегері (@zhumagulov_zhalgas) жарияланымы


“Шавкат қайда“: қазақстандықтар Рахмоновтың UFC турниріне қатысатынына күмән келтірді

Читайте на сайте