Жаңа салынған үйлер қымбаттап, ескі үйлер арзандап жатыр: 2026 жылғы Қазақстандағы пәтер бағалары
Қазақстанда жаңа салынған үйлердегі пәтер бағасы қымбаттап жатыр, ал қайталама нарықтағы баспана сәл арзандап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығына сілтеме жасап.
Қазақстан қалаларында жаңа пәтерлер қанша тұрады? 2026 жылғы мамыр
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 9 маусымда тұрғын үй нарығындағы баға индексін жариялады.
Мәселен, жалпы Қазақстан бойынша жаңа пәтерлердің құны бір айда небәрі 0,2 пайызға (шаршы метріне 614 019 теңге), ал жыл басынан бері (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда) 15,9 пайызға өскен. Қалалар бойынша мамырдағы жаңа пәтер бағасы келесідей:
Астанада бір айда 0,3 пайызға өсіп, шаршы метрі 734 534 теңге болды, ал 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында былтырғы сәйкес кезеңмен (2025 жылдың қаңтар–мамыры) салыстырғанда 18,5 пайызға артқан;
Алматыда бір ай ішінде жағдай өзгерген жоқ (шаршы метріне 718 362 теңге), бірақ жыл басынан бергі көрсеткішті салыстырсақ, жаңа баспана құны 19,8 пайызға қымбаттаған;
Шымкентте де солай: бір айда баға өзгеріссіз қалды (шаршы метрі 535 036 теңге), ал жыл басынан бері былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,8 пайызға артты;
Ақтауда бір айда 0,9 пайызға өсім (шаршы метріне 467 673 теңге), 2026 жылдың қаңтарынан бастап 9,3 пайызға өсті;
Ақтөбеде жыл басынан бері 19,9 пайызға қымбаттады, шаршы метрі 356 454 теңге тұрады;
Атырауда - 2025 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда алты пайызға өсті, шаршы метр құны - 537 969 теңге;
Жезқазғанда мамырда құны бір пайызға (шаршы метріне 473 151 теңге), жыл басынан бері 1,2 пайызға көтерілді;
Көкшетауда - бір айда 0,9 пайызға (362 215 теңге) және жаңа жылдан бері 6,2 пайызға өсті;
Қарағандыда - 2026 жылдың басынан бері 2025 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда 3,3 пайызға артты, шаршы метр бағасы - 414 705 теңге;
Қонаевта жыл басынан бері 16,2 пайызға қымбаттады, шаршы метр құны - 489 488 теңге;
Қостанайда - мамырда плюс 1,5 пайыз (442 622 теңге) және қаңтардан бастап плюс 7,7 пайыз;
Қызылордада - мамырда 1,2 пайызға (392 323 теңге) және жыл басынан бері 0,7 пайызға өсті;
Оралда баға бір айда 0,5 пайызға (327 013 теңге), биылғы бес айда 9,6 пайызға көтерілді;
Өскеменде тұрғын үй нарығы тұралап қалды - жыл басынан бері былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2 пайызға ғана өскен, шаршы метр құны 530 773 теңгеге тең;
Павлодарда - бір айда 1,4 пайызға (493 653 теңге) және 2026 жылдың бес айында 6,1 пайызға өсім байқалды;
Петропавлда баға тұрақты - шаршы метріне 403 222 теңге;
Семейде жыл басынан бері 3,3 пайызға көтерілді, шаршы метр бағасы - 472 920 теңге;
Талдықорғанда - 2026 жылдың қаңтар–мамырында былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,6 пайызға артты, шаршы метрі 484 558 теңге тұрады;
Таразда - жыл басынан бері 5,3 пайызға қымбаттады, шаршы метр құны - 410 275 теңге;
Түркістанда - биылғы қаңтардан бастап сегіз пайызға өсті, жаңа пәтерлердің шаршы метрі 387 697 теңге тұрады.
Қазақстан қалаларында қайталама нарықтағы пәтерлер қанша тұрады? 2026 жылғы мамыр
Пәтерлерді қайта сату бағасы бір айда 0,6 пайызға (шаршы метріне 626 203 теңге) және 2025 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда 12,1 пайызға арзандады. Қалалар бойынша мамырдағы қайталама нарықтағы пәтер бағасы келесідей:
Астанада бір айда 0,4 пайызға төмендеп, шаршы метрі 725 713 теңге болды, ал 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында былтырғы сәйкес кезеңмен (2025 жылдың қаңтар–мамыры) салыстырғанда 10,8 пайызға өскен;
Алматыда бір айда баға 0,6 пайызға "төмендеді" (шаршы метріне 742 242 теңге), бірақ жыл басынан бергі көрсеткішпен салыстырсақ, қайталама нарықтағы баспана құны 17,9 пайызға қымбаттаған;
Шымкентте де солай: бір айда баға 0,7 пайызға төмендеді (шаршы метрі 462 896 теңге), ал жыл басынан бері былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,7 пайызға артты;
Ақтауда бір айда 1,4 пайызға арзандады (шаршы метріне 354 724 теңге), 2026 жылдың қаңтарынан бастап 8,2 пайызға қымбаттады;
Ақтөбеде бір айда 2,1 пайызға төмендеді (374 739 теңге), жыл басынан бері 12,7 пайызға өсті;
Атырауда - бір айда 0,4 пайызға құлдырады (511 203 теңге), жыл басынан бері 2025 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті;
Жезқазғанда мамырда құны 1,1 пайызға "төмендеді" (шаршы метріне 380 665 теңге), жыл басынан бері 1,8 пайызға "шарықтады";
Көкшетауда - бір айда тоғыз пайызға (372 622 теңге) және жаңа жылдан бері 10 пайызға өсті;
Қарағандыда - бір айда 2,2 пайызға төмендеді (402 123 теңге), 2026 жылдың басынан бері 2025 жылдың қаңтар - мамыр айларымен салыстырғанда 3,9 пайызға өсті;
Қонаевта бір айда 1,5 пайызға қысқарды (447 902 теңге), жыл басынан бері - 2,2 пайызға өсті;
Қостанайда - мамырда минус 1,2 пайыз (432 624 теңге) және қаңтардан бастап плюс 9,3 пайыз;
Қызылордада - мамырда 0,5 пайызға (342 612 теңге) және жыл басынан бері 7,8 пайызға өсті;
Оралда баға бір айда 0,7 пайызға (393 279 теңге), биылғы бес айда 8,2 пайызға көтерілді;
Өскеменде жағдай ұқсас: бір айда 0,7 пайызға (418 787 теңге), жыл басынан бері 9,9 пайызға шамалы өсім байқалады;
Павлодарда - бір айда 0,4 пайызға (457 223 теңге) және 2026 жылдың бес айында 13,8 пайызға төмендеді;
Петропавлда - екі пайызға төмендеді (шаршы метріне 424 761 теңге), жыл басынан бері - 8,9 пайыз өсім;
Семейде бір айда 0,9 пайызға төмендеді (469 580 теңге), жыл басынан бері - 9,1 пайызға өсті;
Талдықорғанда - бір айда плюс екі пайыз (425 371 теңге), 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда плюс 12,7 пайыз;
Таразда - бір айда 0,1 пайызға (352 320 теңге), жыл басынан бері 5,1 пайызға қымбаттады;
Түркістанда - бір айда 0,3 пайызға төмендеді (382 565 теңге), жыл басынан бері - 12,4 пайыз өсім.
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді? Құрылыс салушылардың деректері
Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының 2026 жылғы мамырдағы мәліметі:
Астанада бастапқы нарықтағы шаршы метрдің орташа бағасы 655 344 теңге болады (121 тұрғын үй кешенінің деректері негізінде). Өсім 14,6 пайыз. "Қайталама" нарықта сәуірдегі баға 597 538 теңге болды (өткен аймен салыстырғанда 1,41 пайызға төмендеу бар).
Алматыда (57 тұрғын үй кешенінің деректері негізінде) мамырда бастапқы нарықтағы бағаның орташа құны шаршы метріне 934 979 теңге болды. Өсім 27,2 пайыз. Қайталама нарықтағы орташа баға сәуірде - 798 950 теңге (өткен аймен салыстырғанда 2,66 пайызға төмендеу бар.
Шымкентте 33 тұрғын үй кешенінің деректері негізінде бастапқы нарықтағы шаршы метрдің орташа бағасы 514 981 теңге болады. Бұл 15,1 пайызға төмендеу. Қайталама нарықта - 472 520 теңге (өткен аймен салыстырғанда 10,91 пайыз).
Ақтауда жаңа салынған үйлердегі баспана шаршы метріне 521 250 теңгеден сатылды. Мұнда да 6,7 пайызға төмендеу байқалады. Қайталама нарықта - 403 278 теңге (өткен аймен салыстырғанда 4,94 пайызға төмендеу бар).
Ақтөбеде баға топ-6 қаланың ішіндегі ең төмені: мамырда бастапқы нарық - шаршы метріне 362 500 теңге, сәуірде қайталама нарық - 317 280 теңге. Бұл көрсеткіштер өткен айдағыдан төмен.
Қарағандыда: мамырда бастапқы нарық - шаршы метріне 560 929 теңге (өзгеріссіз); сәуірде қайталама нарық - шаршы метріне 424 173 теңге (1,03 пайызға жоғарылау бар).
Жаңа салынған үйлердегі пәтерлер неге қымбаттап жатыр?
Жаңа үйлердегі бағаның өсуі, шамасы, жалпы құрылыстың қымбаттауына байланысты болса керек. Мамырда негізгі материалдардың ішінде мыналар қымбаттады:
арматура - 380 000 теңге (18,75 пайызға өсті);
бетон - 35 500 теңге (46,03 пайызға өсті);
битум - 165 000 (6,45 пайызға өсті);
цемент - 47 000 (16 пайызға өсті).
Қазақстанда пәтер жалдау қанша тұрады? Қалалар бойынша бағалар
Тұрғын үйді жалға алуға келетін болсақ, жалпы Қазақстан бойынша ол бір айда айтарлықтай емес - 0,8 пайызға қымбаттады. Ең қатты өсім - Қызылордада (6,4 пайызға), Көкшетауда (5,9 пайыз), Қонаевта (4,6 пайыз), Қостанайда (3,2 пайыз), Атырауда (2,9 пайыз), Қарағандыда (2,3 пайыз) және Астанада (1,3 пайыз). Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Өскемен қалаларында төмендеу байқалады.
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы. Қазақстан Ұлттық статистика бюросының деректері
Бірақ жыл басынан бері тұрғын үй жалдау бағасы былтырғы сәйкес кезеңмен (2025 жылғы қаңтар - мамыр) салыстырғанда 12 пайызға өсті.