World News in Kazakh

Көлік соқтығысқаннан кейін өртенді: Қазақстанның батысындағы жантүршігерлік жол апатын куәгерлер видеоға түсіріп алды

Ақтөбе облысындағы республикалық тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Үш көлік соқтығысып, біреуі өртенген. Екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы сегіз адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
9 маусымда республикалық маңызы бар Ақтөбе – Астрахань тасжолының 240-шақырымында, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында ірі жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бірден үш көлік: DAF жүк көлігі мен екі Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктердің бірі оқиға орнында өртеніп кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір Toyota Camry автокөлігі өртенді. Алған жарақаттарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы сегіз адам түрлі жарақатпен жедел жәрдем бригадасы арқылы Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан 10 адам зардап шегіп, екі ер адам медицина қызметкерлері келгенше көз жұмған. Зардап шеккен сегіз адам Байғанин аудандық ауруханасына жатқызылды.
Мамандандырылған көмек көрсету үшін Ақтөбеден санитарлық авиация бригадасы жіберілді. Зардап шеккендер қажетті ем қабылдап жатыр, жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видеолар жарияланып жатыр. Кадрлардан жол бойында шашылып жатқан көлік бөлшектерін көруге болады. Транзиттік нөмірі бар көліктердің бірі темір үйіндісіне айналған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@ztz_04_aktobe (@ztz_04_aktobe) жариялаған жазба

Читайте на сайте