Түбек пен қыз

Түбек ақын қартайып, ақылынан танып, азуынан шалып қалған уақытта, көкірегі кірілдеп, көзі іріңдеп отырғанда, бір ақын қыз шығып, тұсындағы жігіттерді тойда беттетпейді, қызбен неше қабат жігіт айтысып, қыз жеңе береді. Жəне бір той болып жатыр екен, бозбалалар жиналып Түбекке келеді.

– Біз бір қыздан қорлық көрдік. «Бөрік кигеннің намысы бір», – деген. Сізге келіп отырмыз, – деді.

Сонда Түбек:

– Қарақтарым, мен қартайдым. Қыздарыммен бірдей баламен айтысу болмайды, – деді.

Жігіттер болмай, қолтығынан сүйеп, қолынан жетектеп алып жүреді. Қыздың тұсына алып келіп, аппақ қудай қылып, астына аю терісін төсеп, тері қара домбырасын қолына беріп, отырғызып қояды.

Сонда Түбектің қызға қарап...

Читайте на 123ru.net