World News

Бишімбаев Салтанатты неге өлтірді: марқұмның ағасы өз нұсқасын айтты

Бүгін соттағы жарыссөз кезінде сөз алған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев қарындасын қандай себеппен өлтіргені туралы өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айтбек Амангелді алқабилерден бұрын көрсетілген видеоға тағы назар аударуды сұрады.

"Видеолардың бірінде Салтанат қан болған көйлекті ұстап, оған (Бишімбаевқа – еск.) бұл дәлел болатынын айтып жатқанын естисіз және көресіз. Сондай-ақ, ол оған: "Бұл үшін кем дегенде 10 жылға отырасың", - дейді. Ол қолындағы қан болған көйлекті қайта-қайта көрсетеді. Менің жеке ойымша, бұл белгілі болып қалудан қорқу, сол кезде ұрып-соғу болғаны туралы көпшілік алдында мәлім болуы және жасаған әрекеті үшін қайтадан түрмеге жабылуы мүмкін деген қорқыныш оны әрекетін одан әрі жасыру үшін адам өлтіру туралы саналы шешім қабылдауға әкелді", - деді Амангелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net