World News

Алматыда мопед пен жүк көлігі соқтығысып қалды

Алматыда мопедист жүк көлігі астында түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды.

"Таңғы сағат алтыда Полежаева (Төретай көшесі) – Райымбек көшесінде мопед жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиғалардың көбісі жол ережесін білмейтін және жүргізуші куәлігі жоқ жас жүргізушілерге байланысты", - делінген видео сипаттамасында.


Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"ЖКО бүгін Алмалы ауданында таңғы сағат 06:30-да болған. Mercedes маркалы автокөліктің жүргізушісі мен мопедист Райымбек даңғылымен шығысқа қарай жүріп бара жатқан. Торетай көшесінің қиылысында (бұрынғы Полежаев көшесі) қашықтықты сақтамаған мопед жүргізушісі Mercedes-пен соқтығысқан", - деп хабарлады полиция.

Салдарынан жүргізуші жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілген.

"Оқиғаның мән-жайын Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр", - деп қосты Алматы қалалық жол полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net