World News

Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін

Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін

Ірі сауда орталықтары келушілерді сапалы Wi-Fi-мен қамтамасыз етуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер ведомствоның вице-министрінен интернетке қатысты проблемалары болған-болмағанын сұрады.

"Мен де, сіздер сияқты, байланыстағы проблемаларды байқаймын. Мен әсіресе тамақтану орындарындағы немесе ірі сауда орталықтарындағы Wi-Fi желілері сапалы емес екенін байқадым. Менің ойымша, келесі қадамымыз осы бағытта болады. Енді заң жобасы аясында біз ірі сауда орталықтарын Wi-Fi желілерімен қамтамасыз етуге міндеттейміз, олар қазірдің өзінде бар, талшықты-оптикалық байланыс орнатылды, Wi-Fi желісі салынды, енді бұл сапаны бақылаймыз. Сауда орталығында, кафеде отырғанда, жоғары сапалы интернеттің болғаны барлығына ыңғайлы болады деп ойлаймын", - деп түсіндірді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net