World News

Отарда сарбаз комаға түсті: Тоқаев оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуді талап етті

Қасым-Жомарт Тоқаев комаға түскен мерзімді әскери қызметшінің оқиғасын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті", - деп жазды Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Уәлидің айтуынша, Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net