World News

Қазақстанда жаңа комитет пайда болады

Қазақстанда жаңа комитет пайда болады

Қазақстанда Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитеттердің бірін қайта құру жоспарланып отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет қаулысының жобасында Туризм индустриясы комитетін қайта құру туралы айтылады.

"Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрамынан Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылсын", - делінген құжатта.

Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу жөніндегі жаңа комитет "салалық мәселелерді дербес және жедел шеше алад". Қаулы жобасының салыстырмалы кестесінде Президенттің 30 мамырдағы қаулысын іске асыру мақсатында жаңа комитет құрылып жатқаны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net