Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қала тұрғындарымен кездесті
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен, ҮЕҰ және қоғам өкілдерімен кездесті. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиында азаматтардың мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Басқосуда қала тұрғындары бұрынғы Фосфор зауытының қалдықтарын залалсыздандыру, қалада сапалы оттегіні көбейту, карьерлердің жұмысын қадағалау, өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар мәселесін көтеріп, ұсыныстарын айтты.
Н. Шәрбиев министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, азаматтардың сауалдарына жауап берді.
"Қаланың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасында 29 іс-шара көзделген. Оның ішінде бүгінгі күні 12 іс-шара орындалды. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді орындау кезеңі бар 6 іс-шара бар. Өткен жылы 200 мың ағаш отырғызылса, биыл қалада 121 мың дана ағаш отырғызу жоспарлануда. Жалпы жергілікті халықтың мүддесін қорғайтын шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеру маңызды. Бүгін айтылған мәселелер толық зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданады", - деді Нұркен Қожамұратұлы.
Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар вице-иинистрі жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарды аралап, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.