World News

Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыға 12,2 миллиард теңге айыппұл салынды

Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыға 12,2 миллиард теңге айыппұл салынды

Атырау облысында 5 айда мемлекетке 15,2 миллиард теңге өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметін есілтеме жасап.

"Облыс прокуратурасы жүргізген табиғат қорғау заңнамасы саласындағы тексеру шеңберінде биылғы 5 айда бюджетке 15,2 миллиард теңгеден астам қаражат өтелген.

Осылайша, жер қойнауын пайдаланушымен экологиялық рұқсатсыз 5 миллион м3 көлемінде шикі (күкіртті) газдың қалыптан тыс жоғары көлемін жағуға жол берілген", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша, кінәлі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі ("Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу") бойынша жауапқа тартылып, оған 12,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net