World News

Алимент төлемей келген қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

Алимент төлемей келген қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

Ақмола облысында 2019 жылдан бері қарызы 5 миллион теңгеден асқан қазақстандыққа сот үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтыруын жалғастырған.

"Осыған байланысты, оған қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сот 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net