World News

Маңғыстауда алимент бойынша 6 миллион теңге қарызы бар тұрғын қамауға алынды

Маңғыстауда алимент бойынша 6 миллион теңге қарызы бар тұрғын қамауға алынды

Маңғыстауда алиментті төлеуден жалтарған борышкер қамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 миллион теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдады.

"Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, осы негізде қала прокурорының өтінішімен сотпен бұлтартпау шарасы қамаққа алуға өзгертіліп, борышкерге іздестіру жарияланды.

Жүргізілген іздестіру шаралар нәтижесінде борышкер Қостанай қаласынан анықталып, қамаққа алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта алимент бойынша берешегі толық өтелді және қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net