World News

"Астана айналма жолы" учаскесі уақытша жабылады

18 маусым мен 5 шілде аралығында Р-10 "Астана айналма жолы" учаскесі уақытша жабылады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлем етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Р-10 "Астана айналма жолы" автожолы учаскесінің 52-53 шақырымы аралығында орта жөндеу жұмыстары басталатыны айтылды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2024 жылғы 18 маусымнан 5 шілдеге дейінгі аралықта Р-10 "Астана айналма жолы" тасжолының 52-53 шақырымы учаскесінде жоспарланған орта жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.

"Бұл учаскеде ішінара жол қозғалысына шектеу қойылуына байланысты алдын ала айналма жолдар арқылы қозғалысты жоспарлауды ұсынамыз. Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарап, шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net