World News

Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

19 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.

20 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.

21 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 31-33 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

19 маусымда оңтүстік астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел 3-8, жел екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 29-31 градус.

20 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы.

21 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net