World News

Алматыда автобус апатынан бір жолаушы қаза тауып, 16 жолаушы зардап шекті

Полиция Алматыда болған жол апатына қатысты мән-жайды хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлер адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

"Бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында 14 сағат 20 минутта болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, "City bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан, ол кейіннен кедергіге соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, тағы бір жолаушы оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net