World News

Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендер саны артты

Дәрігерлер Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі апат салдарынан 25 адам зардап шеккенін хабарлады. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенше бір науқас қаза болған.

"Екеуіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің 22-сі қаланың стационарларына жеткізілді, онда барлығының жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланды", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Зардап шеккендердің арасында 14 пен 16 жас аралығындағы үш жасөспірім бар. Бір баланың тізесі мен іші жарланған, тағы бірінде мұрын сүйегі сынған, ал үшіншісінде оң жақ жіліншік сүйектері сынған. Қазіргі уақытта пациенттерге қажетті емдеу шаралары мен тексерулер жүргізіліп жатыр. Олар аяқталғаннан кейін стационарлық емдеуді кім қажет ететіні және тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге кім жіберілетіні анық болады.
Еске салайық, бұған дейін оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмғаны хабарланған болатын. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net