Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына қай саладағы жұмысшылар ауыса алады?
Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына қандай қызмет саласындағы жұмысшылар ауыса алады? Бұл туралы сұрақ вице-премьер Тамара Дүйсеноваға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары Еңбек кодексінде Қазақстандағы 4 күндік жұмыс аптасы туралы норма ресми түрде жазылғанын еске салды. 4 немесе 5 күн жұмыс істеу туралы шешімді жұмыс беруші мен оның қызметкерлері қабылдайды.
"Бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас. Біз әсіресе қысқы уақыт туралы айттық, мысалы, қонақүйлер жұмысшының 4 күн жұмыс істегенін тіркей алады, бірақ содан кейін туристер, келушілер ағыны болған кезде олар 6 күнге дейін ұлғаюы мүмкін, бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы керек. Жұмыс уақыты да сақталуы тиіс", - деді Тамара Дүйсенова мәжіліс кулуарында.
Ол жұмыс аптасының ұзақтығы әрбір қазақстандықтың қызмет саласына байланысты екенін атап өтті.
"Менің ойымша, қызмет көрсететіндер (4 күндік жұмысқа көше алады - еск.): туризм, қонақүй бизнесі, қызмет көрсету саласындағылар. Бұл салалар осы бағытта жұмыс істей алады", - деп толықтырды вице-премьер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!