World News

Алматыдағы автобус апаты: оқиға орнында түсірілген кадрлар

Алматыда автобус апаты болған орыннан суреттер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда, автобус жолдан шығып кетіп, дүңгіршекке соғылған.

Кадрлардан автобустың терезелері сынғанын көруге болады. Жолаушыларға терезеден шығуға тура келген болуы мүмкін.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің алдын ала деректері бойынша, KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, "City bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан, ол кейіннен кедергіге соқтығысқан.

Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net