Ақтөбеде танымал тұлғалар жерленген қорым қоқысқа айналған
Ақтөбенің қақ ортасындағы танымал тұлғалар жерленген ескі қорымның іші күл-қоқысқа толып, қараусыз жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Қаланың қақ ортасындағы қорымның іші зиярат етіп келушілерді шошытып отыр. Аумақта пластик құтылар мен түрлі қалдықтар шашылып жатыр. Тау болып үйілген қоқыстан бөлек, кейбір жерлері өртеніп, қап-қара күлге айналған. Тіпті күрке мен кәуап пісіретін мангалдарға дейін бар. Себебі қорымда түрлі дін өкілдері араласып жатыр. Сығандардың ғұрпында өлген кісінің басына жиналып ас әзірлеп, дұға жасайды. Осылайша, марқұм болған жанды еске алады екен. Ескі зираттың бұлай қараусыз жатуы қала тұрғындарының наразылығын туғызып отыр.
"Ақтөбенің Сүт зауыты аумағындағы ескі қорымды көріп, шошыдым. Бұл жерде Бақытжан Қаратаев, Нұрпейіс Байғанин сияқты танымал тұлғалар жерленген. Алайда қорымның іші қоқыстан көрінбейді. Айналаның бәріне қалдықтар шашылып жатыр. Оны кім шашады? Әрине, осы жерге келетіндер. Ең болмаса аумақты тазартып қоюға болады ғой", - деді Ернұр есімді тұрғын.
Қорымда түрлі дін өкілдері жерленгендіктен, олар өздерінің ғұрпына сай жөн-жоралғыларын жасайды. Зираттың күтіміне жауапты мекеме өкілі "аумақты тазартамыз" деп сендірді.