Құны 50 миллиард теңге болатын олигополия жерлері мемлекетке қайтарылды
Бас прокуратурада кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған кезеңде прокуратура органдары балаларды қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және ел басшылығының бақылауындағы басқа да әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша шаралар қабылдай отырып, тексерулер мен талдауларды аяқтаған. Су тасқыны салдарын жою кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды, одан зардап шеккен тұрғандарға баспана салу жұмыстарының барысын бақылауға алынғаны айтылды.
Еңбек қатынастары саласында прокуратура қабылдаған шаралармен 87 мың адамның құқығы қалпына келтірілді, 3 мың қызметкердің алдында 202 миллион теңгеге жалақы бойынша берешек өндіріп алынған.
"Мемлекет басшысының инвестициялар бойынша берілген тапсырмасын іске асыру шеңберінде прокурорлар 32 трлн теңгеге 770 инвестициялық жобаны сүйемелденіп отыр. 350 инвесторға көмек көрсетілді. Олардың экономикаға қосқан үлесі 6,4 трлн теңге болды. "Прокурорлық сүзгі" арқылы мемлекеттік органдардың 2300 материалы өтті (тексерулерді тағайындау туралы, әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы). Қарау нәтижелері бойынша келісуден бас тартылғаны: 31 - шектеулер бойынша, 71 - тексеру тағайындау бойынша, 170 - әкімшілік іс жүргізуді қозғау бойынша", - делінген хабарламада.
Бүгінде 44 мың кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді. Оларға қатысты мемлекеттік органдардың алты мыңнан астам тыйым салу және шектеу шаралары жойылды (олардың басым көпшілігі мемлекеттік кірістер желісі бойынша – 6050).
Жалпы, әлеуметтік экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 миллион адамның құқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 миллиард теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталған.
"Активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 миллиард теңге қайтарылды. 50 миллиард теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленді. Криминогендік жағдай прокуратураның тұрақты бақылауында. Жалпы, 8 пайыз қылмыс төмендеді (61 422-ден 56 369-ға дейін).
Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолын кесті. Конституциялық құқықтардың бұзылуы үш еседен астам төмендеді. Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды. 708 заңсыз ұсталған адам босатылды", - делінген хабарламада.
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылып жатқаны айтылды. Келер жылы Кипрмен сотталғандарды беру туралы және Катармен құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы халықаралық шарттарға қол қойылды. Олар Парламентте ратификацияланып жатыр. Басқа елдерден шетелде жасырынған 13 іздеуде жүрген адам экстрадицияланды.
Талқылау қорытындысы бойынша, Бас Прокурор негізгі міндеттерді белгілеп, алдағы кезеңге нақты тапсырмалар берді. Прокурорлар мемлекет басшысының азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, активтерді қайтару, әсіресе отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикаға, есірткіге, алаяқтыққа қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа, азаптауларға қарсы іс-қимыл және қадағалау қызметінің басқа да өзекті бағыттары бойынша тапсырмаларын орындауды жалғастырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!