World News

Қазақстанда доллар бағамы 475 теңгеден асты

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,34 теңгеге көтеріліп, 475,18 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 1 шілдедегі ресми бағамы - 471,46 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 468,90 теңгеге, сатылымы 476,50 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 470,97 теңгеден сатып алынып, 476,00 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 28 маусымда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,82 теңгеге көтеріліп, 471,46 теңге болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net