Алматыда Ходжанов көшесінің бір бөлігі жабылады
Алматыда 1976 жылы пайдалануға берілген құбырды ауыстыру үшін Ходжанов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы жылу желілері" акционерлік қоғамы мәліметінше, 2024 жылдың 3 шілдесі мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы Бостандық ауданында Ходжанова көшесінің бойымен, Радостовец көшесінен Гагарин даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады.
1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1097,5 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілетіні айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!