World News

Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісін тапқан

Алаяқтар мемлекеттік мекеме қызметкерлерін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығы атынан хат жазып, алдауға көшкен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Ол үшін алаяқтар жалған аккаунт жасайды. Олар өте сенімді көрінеді және қызметкерлердің нақты деректерін қамтиды: тегі, аты, әкесінің аты, суреті. Алаяқтар құпия ақпаратты беру мақсатында ықтимал жәбірленушіні азғыруға тырысады.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қызметкерлердің ресми мәселелерді шешу үшін қоғамдық мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланбайтынын ескертеді. Мұндай алаяқтық дерегінің барлығы құқық қорғау органдарына хабарлануы тиіс", - делінген хабарламада.

Егер күдікті қоңырауларды немесе хабарламаларды, соның ішінде әлеуметтік желілер хат алсаңыз, мына әрекеттерді орындау ұсынылады:

Хабарламаның негізгі көзін тексеріңіз: хабардың шынайылығына күмәндансаңыз, ресми веб-сайттарда көрсетілген ресми контактілер арқылы болжамды жіберушіге хабарласыңыз.
Күдікті сілтемелерді баспаңыз: алаяқтар деректеріңізге қолжеткізу үшін фишингтік сілтемелерді жиі пайдаланады.
Жеке деректермен бөліспеңіз: ешқашан жеке ақпаратты, құпия сөздерді немесе банктік деректемелерді мессенджерлер арқылы бөліспеңіз.
Күдікті контактілерді блоктау: күдікті хабар алсаңыз, контактіні блоктаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net