World News

Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі кезінде Ақорда үстінен ұшақтар ұшып өтті

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды.

"Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті", - делінген хабарламада.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net