Жанқожаның Созақ қамалын алуы
Қоқан әміршісіне арқа сүйеген Созақ ханы халыққа тізесін батырып, ойына келгенін істеді. Зәбір көрсетеді. Бұған шыдамаған халық көтеріліс жасап, Кенесары мен Жанқожа батырдан көмек сұрап кісі жібереді. Хабарды алысымен Кене хан да, Жанқожа да белгілеген жерге әскерлерімен барады. Жанқожаның бес жүз адамын азсынып, өзінің үш мың адамына кеулі толған Кене хан Жанқожаға қарап:
— Жауды көп қашырады, атағы Бараққа қалады дегендей адамың аз екен, ә, — дейді. Сонда Жанқожа таңғалған пішінмен:
— Ау, Кене хан! Көзің көптен қорқып қалған ба қалай? Көптің де көбі бар, аздың да азы бар. Мен аз едім, анау көп екен деп қолыңдағы мал-жаныңды тегін бересің...