World News

Сарапшы Тоқаев неге тек Си Цзиньпинді жеке қарсы алғанын түсіндірді

Қазақстандық сарапшы Әділ Кәукенов осы күндері Астанаға келген барлық құрметті қонақтардың ішінен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев неге ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді ғана әуежайдан күтіп алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кәукенов telegram-арнасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай көшбасшысын ғана қарсы алғанын еске салды. Қалған мемлекет басшыларын премьер-министр Олжас Бектенов, премьер-министрдің орынбасарлары Ғалымжан Қойшыбаев, Қанат Бозымбаев және Серік Жұманғарин қарсы алды. Сондай-ақ, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Алматыда БҰҰ бірінші хатшысы Антониу Гутерришті, ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев - Рас-эль-Хайма әмірі және БАӘ Жоғары одақтық кеңесінің мүшесі Сауд ибн Сакр аль-Касимиді қарсы алған.

"Осылайша Президент Тоқаев тек Қытай басшысын жеке қарсы алды. Себебі, басқа мемлекет басшыларынан айырмашылығы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ШЫҰ аясындағы жұмыс кездесуіне ғана емес, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, сонымен қатар ШЫҰ саммитіне қатысады. Бұл нюансты түсінбейтін көптеген адам бүтін бір конспирологиялық теория құрған. Сонымен қатар, Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапар деңгейінде келгені - бұл, әрине, Қазақстан-Қытай қатынастарының деңгейі туралы көп нәрсе көрсетеді", - деп жазды қытайтанушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net