World News

Астанадағы дрондар шоуы: мән-жайы айтылды

Астанадағы дрондар шоуы: мән-жайы айтылды

Астанада 6 шілдеде дрондар шоуы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкмідігі мәліметіне сілтеме жасап.

"ЭКСПО аумағында 6 шілдеде сағат 18:00-де Open Air мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр. Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон", - делінген хабарламада.

Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестіріледі. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net