World News

БҚО-да сейф ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

БҚО-да сейф ұрламақшы болған ер адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
29 маусымға қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу кіріп, кеңседен темір сейфті көтеріп алып кеткен.

"Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған сейф тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net