Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Тоқаевты Әзербайжан президенті қарсы алды
![Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Тоқаевты Әзербайжан президенті қарсы алды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360853/thumb_b/photo_123230.jpeg)
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті алдында Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына келді.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады", - делінген хабарламада.
Саммит "Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру" тақырыбында өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!