Астана тағы да көшелер көлік қозғалысы үшін жабылады
![Астана тағы да көшелер көлік қозғалысы үшін жабылады](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360870/thumb_b/photo_123248.jpeg)
Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты 8-9 шілдеде Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!