World News

Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем кубогінде күміс медаль жеңіп алды

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогінің финалында тағы бір қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын.

Сондай-ақ, акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net