World News

“ Жүрегімнің түбіне терең бойла....”

Мақала қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаевтің жеке шығармашылығына арналады.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма!

Тек қазақтың  жүрегінен емес, барша парасатты адамдардың жүрегінен орын алған дана да, дара тұлға,қазақ классикасымен мәдениетін жаңа белестерге жетелеген, қазақ поэзиясының шыңына шыққан, мәңгі өшпес мұра қалдырған, халқының ардақтысы да асылы Абай атамыз. Абай өз өмірін қазақ халқының көзін ашуға, өсіп-өнуіне, қазақтың басын қара бұлттай торлаған надандықты жеңуге арнады. Надандықпен күресе жүріп өз айтарын,ақыл-даналығын құр сөзбен емес өзіндік философиялық өлеңдерімен жеткізе алды. Оның өлеңдерінің көбісі адам бойындағы жақсы қасиеттерды ашуға, ал жаман қасиеттерден арылуға жол сілтейді. Әрі оның өлеңдерінде адамгершілік пен парасаттылық, өмірдің ашщы шындығы мен тәтті өтірігі бейнеленеді.Сол заманды билеп,төстеп отырған әділетсіздікті өзінің...

Читайте на 123ru.net