World News

Астанада көшелердің бірі бірнеше күнге жабылады

Астанада көшелердің бірі бірнеше күнге жабылады

Астанада Шалкөлде көшесінің бір бөлігі бірнеше күнге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 9-14 шілде аралығында Шалкөлде көшесінің Шарбақты көшесінен Бәкен Серікбаев көшесіне дейінгі бөлігі толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептелістерді болдырмау үшін маршрутты алдын ала жоспарлау сұралады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net