World News

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 32 миллион теңге тапқан күдікті сотталды

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 32 миллион теңге тапқан күдікті сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында күдіктінің "Покер" құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды. Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан.

Сот үкімі бойынша, аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net